Тіркелген
пайдаланушылар үшін


Қазақстан Республикасы
100028, Қарағанды қ.,
Университет көшесі,
28 үй, 1 корпус,
221 кабинет
тел.: +7 (7212) 770456
e-mail: idl@ksu.kz

Ақпарат

Қашықтықтан білім беру Бөлімі қызметінің негізгі бағыттары:

  • Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру және басқару.
  • Қашықтықтан оқытудың дидактикалық құралдар әзірлемесі.
  • Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу үрдісін ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету.
  • Ақпараттық білім беру ресурстарының деректер базасын құру.
  • Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-да ақпараттық және коммуникативтік технологияларды (АКТ) тиімді пайдалануға арналған әкімшілік, инженерлік-техникалық және ғылыми-педагогикалық кадрларды қайта даярлауға қатысу.

Нормативті база

  • Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы қызметінің үлгілік ережелері (17.05.2013 ж. №499)
  • Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру ережелері    (20.04.2011 ж. №152, 28.01.2016 ж. өзгерістермен)
  • Жоғары оқу орындарында білім алушылардың үлгеріміне, аралық және қорытынды аттестаттауға  ағымдағы бақылау жүргізудің үлгілік ережелері (18.03.2008 ж. №125 04.11.2013 ж. өзгерістермен)
  • Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру ережелері    (20.03.2015 ж. №137)
  • МЖМБС 23.08.2015 ж. №1080
  • Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы (10.07.2012 ж. өзгертулер мен толықтырулармен).
  • Білім беру ұйымының түрлері бойынша білім алушыларды ауыстыру және қайта қалпына келтіру ережелері  (20 қаңтар 2015 жыл № 19)

Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша

Білім алушыларға арналған оқу-әдістемелік  база

  • Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың кітапхана қоры;
  • электронды дәрістер, электронды оқулықтар мен оқу құралдары;
  • курстық кейстер;
  • бейнедәрістер және  бейнематериалдар;
  • Интернет ресурстары;
  • спутниктік теледидар арналарына қол жетімділік;
  • аудиоматериалдар.

Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың электронды каталогы

Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың барлық білім алушыларына көмек ретінде кітапхана өз қорында бар әдебиетке электронды каталог (ЭК) жүргізеді. ЭК өз алдына кітапхана қабырғасында және және Интернет арқылы қолжетімді каталогтардың толық  кешенін ұсынады:

  • Кітаптар
  • Мақалалар
  • Авторефераттар және диссертациялар
  • Профессорлық-оқытушылық құрамның және аспиранттардың еңбектері
  • Аудиовизуалды және электронды құжаттар
  • Электронды кітапхана

Электронды каталог көптеген параметрлер бойынша ақпаратты жылдам, жан-жақты іздеуге мүмкіндік береді: автор, атауы, баспаның жылы мен басылған жері, кілт сөздер, пәндік айдар және т.б.  ЭК-қа рұқсат оқу кітапханаларының каталогтары залдарында жүзеге асады. ЭК-та ақпаратты іздеуде кітапханашы-консультанттар, қолданушыларға арналған ескертпелер көмектеседі. ЭК-қа рұқсат on-line тәртібінде кітапхананың http://library.ksu.kz. web-сайты арқылы іске асады.  Ол үшін сайттың титулдық бетінде «Каталогтар» бөлімін таңдап, осы бөлімде «Электронды каталог» сөз тіркесін белгілеу қажет.

Нәтижесінде Сіз каталогтар мәзіріне рұқсат аласыз. Қажетті каталогты таңдағаннан кейін ыңғайлы интерфейсі бар іздеу түрін пайдаланыңыз.

Берілетін құжаттардың бөлігін реттеу (20-дан 100-ге дейін), сонымен қатар іздеу нәтижелерінің үлгісін ауыстыруға мүмкіндік бар.
Кілт сөздер, авторлардың тегі, ISSN/ISBN бар ДБ қарау үшін сәйкес өріске қарсы белгішені орнатып, «Тізім» батырмасын басу керек. Бұл ретте қандай жиек белгіленгеніне байланысты, экранда кілт сөздердің немесе авторлардың, болмаса ISSN/ISBN толық тізімі шығады.

Іздеу сұратуды толтыру үлгісі келесідей өрістерге ие:

Іздеу тақырыбы – бұл өрісте іздеудің тақырыптық бағытын таңдауға болады. Тақырыптар алфавиттік тәртіпте орналасқан.

Кілт сөздер – өрісті тікелей толтыруға болады, немесе кілт сөздерді тізімнен алуға.
Іздеу өрісі  – мұнда библиографиялық сипаттама өрістері бойынша басы, ұжымдық автор атауы, пәндік айдарлар сияқты іздеу бағыттары көрсетіледі. Нақты өріст көрсетпей-ақ «кез келген өрісте» нұсқасын таңдауға болады.
Логика – сұратудың элементтері арасындағы логикалық байланысты көрсетеді. ЖӘНЕ бойынша логикалық байланыс сұратуға жауап ретінде сұратудың барлық элементі кездесетін құжат береді. НЕМЕСЕ логикасының тапсырмасы кезінде, іздеудің нәтижесі бойынша кем дегенде сұратудың бір элементі көрінетін болады. Сұратудағы сөздің көрсетілген тәртіпке сәйкес келуі үшін «Толық сөз орамы» нұсқасын таңдау керек.
Автор. Өріс тікелей немесе тізім арқылы толтырылады.
Басылым түрі – бұл өрісте ұсынылған тізімнен алынған басылым түрі көрсетіледі.
ISSN/ISBN – өріс тікелей немесе тізім арқылы толтырылады.
Шыққан жылы – мерзімсіз басылымдар үшін ғана көрсетіледі.

Іздеуді сәтті жүзеге асыру үшін іздеу сұранысы үлгісінің кем дегенде бір өрісі толтырылған болуы керек! Сондай-ақ көрсетілген үлгідегі сұратудың құрамындағы сөздердің сәйкестігін көрсету, немесе сөздердің қосымшаларын ескермей-ақ іздеу тәртібін таңдау арқылы оңайырақ шарттарды орнату мүмкіндігі бар. Кітапхананың web-сайтында ( http://library.ksu.kz ) жаңа түскен кітаптардың Бюллетенімен танысуға болады («Жаңа түсімдер» бөлімі) жылына 6 рет және Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың ғылыми кітапханасы берген «Мерзімдік басылымдардың Бюллетенімен» («Жазылу» бөлімі) жылына 2 рет жаңарып тұрады. Библиографиялық ДБ-нан бөлек, кітапхана оқу және анықтамалық басылымдардың толық мәтіндік сандық нұсқаларымен ұсынылған «электронды кітапхана», сондай-ақ үш тақырыптық ДБ-на біріктірілген мақалаларды құрады.  Қазіргі кезде электронды кітапхананың  көлемін 946 атау құрайды. Құжаттар туралы барлық ақпарат «Электронды кітапхана» каталогында көрсетілген. Электронды кітапхананы бас ғимараттың екінші қабатындағы Электрондық ресурстар залында пайдалануға болады. Интернетке арқылы пайдаланушыларға электронды кітапханаға кіру жаңа оқу жылының басына қарай авторландырылған тәртіпте іске асатын болады.