Тіркелген
пайдаланушылар үшін


Қазақстан Республикасы
100028, Қарағанды қ.,
Университет көшесі,
28 үй, 1 корпус,
221 кабинет
тел.: +7 (7212) 770456
e-mail: idl@ksu.kz

Сұрақтар мен жауаптар


NB:
Қашықтықтан оқытуды қамтамасыз етудің жасалған жүйесі белсенді түрде тестілеу кезеңінде жүргізіледі (оның ішінде Сіздің де арқаңызда) сондықтан мүмкіндігінше барлық тілектер мен ескертулер ескеріледі. Барлық қателер туралы қате болған жағдайда оны толықтай жаза отырып, жүйе әкімшілігіне хабарласуыңыз сұралады. Өзіңіз туралы толық ақпаратты қосуды ұмытпаңыз (Аты-жөніңіз,факультет, курс т.б.), ол қателерді дұрыс жоюға көмектеседі. Алдын-ала алғысымызды білдіреміз.
Сұрақ:
Қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша оқитын студенттердің дипломы ҚарМУ-дың басқа да дипломынан өзгеше ме?
Жауап:
Жоқ. Қашықтықтан оқу технологиясы бойынша оқудың соңында Сіз бірыңғай мемлекеттік үлгідегі диплом аласыз.
Сұрақ:
Оқудың мерзімін қысқартуға бола ма?
Жауап:
Қашықтық технологиясымен оқыту мерзімі мемлекетті стандартқа сәйкес келеді. Қысқартылған мерзім тек қана экстерн формасы бойынша ғана мүмкін болады.
Сұрақ:
Оқуға түсу барысында және емтихан тапсыру мерзімінде студенттің болуы міндетті ме?
Жауап:
Оқуға түсу және емтихан тапсыру барысында студенттің білуы міндетті.
Сұрақ:
Қашықтықтан оқытуды қамтамасыз ету жүйесін өзіңнің жеке компьютеріңе орнату қажет пе?
Жауап:
Жоқ, қажет емес. Қашықтықтан оқытуды қамтамасыз ету жүйесі қандай болмасын операциялық жүйеде жұмыс істей алады және қосымша программалық қамтамасыз етуді талап етпейді.
Сұрақ:
Мен неге өзімнің жеке парағыма ене алмаймын? Логин мен парольды университеттен алдым.
Жауап:
Оның бірнеше себептері бар, Сіз жүйеге неге ене алмайсыз: 1. Сіз логинді немесе парольды дұрыс терген жоқсыз- регистрді сақтай отырып логин мен паролді дұрыс тергеніңізге көз жеткізіңіз. 2. 0 (нөл) және О («о» басты), І («ай» әрпі) және l («эл» әрпі) т.б. жиі алмастырылып кетеді.
Сұрақ:
Неге пароль күрделі, қарапайым сөз алуға болмай ма? Маған парлоді ауыстыруға бола ма?
Жауап:
Пароль басқа адамдардың жүйеге енбеуі үшін арнайы бағдарлама арқылы генерацияланды. Сондықтан оны ауыстыруға болмайды.
Сұрақ:
Жүйеде жұмыс істеу барысында нәтиже дұрыс болмаса не істеу керек? «ҚАТЕ» сөзі шыға береді немесе ештеңе де шықпайды!
Жауап:
Жүйе әкімшілігне міндетті түрде хабарласыңыз ( e-mail арқылы немесе ішкі пошта арқылы) қатені толық сипаттап беріңіз.

Басқа да сұрақтарға жауап алу үшін мына телефондарға хабарласыңыз 8(7212)770-456 немесе электрондық пошта арқылы хат жолдаңыз: idl@ksu.kz.