Тіркелген
пайдаланушылар үшін


Қазақстан Республикасы
100028, Қарағанды қ.,
Университет көшесі,
28 үй, 1 корпус,
221 кабинет
тел.: +7 (7212) 770456
e-mail: idl@ksu.kz

Оқыту туралы

Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-да сырттай оқу нысаны бойынша мамандарды даярлау қашықтықтан оқытудың кейстік және желілік технологиясын қолдану арқылы жүзеге асырылады.

Қашықтықтан оқытудың кейстік технологиясы мамандық және курс бойынша оқу және әдістемелік материалдардың толық жиынтығынан тұратын электронды оқу-әдістемелік кешен-курстық кейсті пайдалануға негізделген. 

Қашықтықтан оқытудың желілік технологиясы ғаламдық интернет желісінің көмегі арқылы қашықтағы пайдаланушыны оқытуға белгіленген, ЭЕМ-ге арналған заманауи бағдарламалық құрал - ««Факел-2» қашықтықтан оқытуды автоматтандырылған сүйемелдеу» бағдарламасының көмегімен іске асады. ЭЕМ-ге арналған «Факел-2» бағдарламасы ҚР ӘМ 19 мамыр 2012 жылғы № 813 зияткерлік меншік құқығы бойынша Комитетте тіркелген авторлық куәлігін алды. 

Құрметті студенттер!

Сабақтарды орындау үшін Сіздерге компьютер және Интернет желісі қажет. Егер Сіздің компьютеріңіз болмаса, Сіз ҚарМУ-дағы Интернет-залды, мультимедиялық залдарды және компьютерлік класстарды пайдалана аласыз. ЭЕМ-ге арналған «Факел-2» бағдарламасының жұмыс дағдысына үйрену үшін емтихан уақытында «Қашықтықтан оқыту технологиясы» оқыту семинарына міндетті түрде қатысыңыз.  

Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу үрдісі

 Оқыту кезінде Сіз тілдік бөлімді ескере отырып, мамандық бойынша курстық кейс, білім алушыларға арналған анықтамалық жолсілтеме, виртуалды консультациялық сабақтардың кестелерін, сондай-ақ «Факел-2» қашықтықтан оқытудың автоматтандырылған сүйемелдеуінде Сіздің арнайы Web-парақшаңызға рұқсат ететін логин және пароль аласыз.  

Виртуалды консультациялық сабақтар кестесінде күні, уақыты, сабақтың тақырыбы және Сізді қызықтыратын пән бойынша консультация алуға мүмкіндігіңіз бар тьютордың аты-жөні, фамилиясы көрсетіледі. Қашықтағы технологияны пайдалану арқылы оқытуға қатысты барлық сұрақтар бойынша Сіз факультеттің  қашықтықтан оқыту үйлестірушісіне жүгіне аласыз.

ЭЕМ-ге арналған ««Факел-2» қашықтықтан оқытуды автоматтандырылған сүйемелдеу» бағдарламасымен жұмыс бойынша студенттерге арналған нұсқаулық

  1. Браузердің мекен-жай терезесінде (Internet Explorer, Google Chrome, Opera, Mozilla Firefox) қашықтықтан оқыту серверінің мекен-жайы көрсетілсін: www.idl.ksu.kz
  2. «Тіркелген пайдаланушыға арналған кіру» сілтемесін жандандыру.
  3. Енгізу терезесінде жүйе әкімшілігі бергеннен кейін студенттің жеке парақшасы жүктелетін логин және пароль көрсетілсін.
  4. «Электронды деканат» сілтемесі:
    • виртуалды консультациялық сабақтар кестесін қарау;
    • оқу жетістіктерін қарау;
    • оқу үрдісінің кестесін қарау
  5. «Хат алмасу» сілтемесі:
    • Электронды пошта тәртібіндегі студент пен тьютор арсындағы хаттық қатынас;
    • Студенттердің жазба жұмыстарын, сұрақтарды жіберуі және тьютордың жазбаша консультацияларды алуы;
  1. «Файлды менеджер» сілтемесі:
    • бекітілген файлдарды жіберу мүмкіндігі (Word, Excel, және т.б. форматтарда);
    • бекітілген файлдарды қатқыл дискіде сақтау мүмкіндігі;
  1. «Форум» сілтемесі:
    • Студент пен тьютордың ұсынылған тақырыпта «Сұрақ-Жауап» тәртібінде тілдесуі;
    • хабарлама қосу.
  2. «Хабарландыру» сілтемесі:
    • факультет үйлестірушісінен, кафедрадан, тбюторлардан, әкімшіліктен келген барлық белсенді хабарландырулардың көрсетілуі.
  3. «Оқу-әдістемелік материалдар» сілтемесі:
    • курстық кейсті қарау.
  4. «Тест» сілтемесі:
    • курстың пәндер бойынша қашықтан тестілеу мүмкіндігі.